Суретке түспек болған бойжеткен 12 метр биіктіктен құлап қайтыс болды

16.04.2019 21:43

Бойжеткен оқу бітірер алдында естелік суретке түспек болған

22 жастағы студент Сидни Монфрис оқуын тәмамдамай тұрып бірнеше апта бұрын ғимаратқа көтеріліп суретке түспек болған, деп хабарлайды sn.kz.

Студент Нью-Йоркте өзі оқитын университетіндегі 12 метрлік мұнарадан құлап қаза тапты. Бойжеткен оқу бітірер алдында естелік суретке түспек болған. Бойжеткен мұнараның ең биік басына жетіп, суретке түскен кезде құлап кеткен. Құтқарушылар қызды тар мұнараның ішінен әрең алып шыққан.

Ол ауруханаға жеткізілгеннен кейін бірнеше сағаттан соң көз жұмған.

Айта кетейік, Сидни Монфрис журналистика факультетінде оқып жүріп, InStyle басылымынан тәжірибеден өтіп жүрген болатын.