|
07.12.2022 | 16:43
2661

CAREER TIME: Алматыда жұмыссыз жастарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар жәрмеңкесіне 5 мыңға жуық адам қатысты

CAREER TIME: Алматыда жұмыссыз жастарға арналған жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті пресс-служба акима Алматы

"Балуан Шолақ" спорт кешенінде қала колледждері мен ЖОО түлектері, сонымен қатар жұмыссыз жастарға арналған қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаладағы 200-ден астам жұмыс беруші мен 5 мыңға жуық адам қатысты. Олар – 35 жоғары оқу орнының, 83 колледждің түлектері мен жұмыссыз жастар.

Жәрмеңке қонақтары ҚР еңбек заңнамасына сәйкес білікті мамандардан толық ақпарат алып, буклеттер мен жадынамалар түріндегі анықтамалық-ақпараттық материалдармен танысты, сондай-ақ жұмысқа орналасу бойынша жетекші мамандардың шеберлік дәрісінен өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир