Астана-Жезқазған бағытында «Сәтбаев» пойызы жолға шықты

Almaty.tv
Almaty.tv
Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арнап пойыз вагондарын безендірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақтың алғашқы академик-геологі Қаныш Имантайұлының еңбегі мен есімін қастерлеуге бағытталған тақырыптық жоба «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған. Аталған пойыз Астана-Жезқазған бағытында қатынап, араға күн салып жолға шығады.

Айта кетейік, Қаныш Имантайұлы Жезқазғанда ғылыммен айналысқан. Қала маңында оның құрметіне аталған шахтерлер қаласы – Сәтбаевтың бар.

Қаныш Сәтпаевтің ғылыми қызметі Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойыз рәсімделді. Ол күздің басына дейін күнара қатынайтын болады. Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жоба «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп, алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған, – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің маманы Сара Сахынбек.

Оқи отырыңыз: Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі әзірленді

Новости партнеров