Бостандық ауданында биыл 3 дәрігерлік амбулатория ашылады

Бостандық ауданында биыл 3 дәрігерлік амбулатория ашылады
Ал өткен жылы 2-і іске қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сондай-ақ, аудандағы үш бірдей емханаға қосымша ғимараттар салынады. Нақтырақ айтсақ, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына қабылдау бөлімі іске қосылады. Оған қоса, қалалық жұқпалы аурулар емханасына 70 және онкоорталыққа 250 қосымша орын салынбақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Аудан барлық жағынан дамуы үшін 3 жылға жоспар қабылданады. Онда күрмеуі қиын мәселелердің барлығын кіргіземіз. Кейін халықпен бірлесіп, қайсысын бірінші шешетінімізді қарастырамыз. Аудандағы сұрақтар рет-ретімен шешімін табады. Халық көбірек ойын алаңдарын салуды, аулаларды жарықтандырып, абаттандыруды сұрап жатыр», – деді Бостандық ауданының әкімі Алтай РАХЫМБЕТОВ.

Аудандағы өзекті мәселе - аулаларды ретке келтіру. 2020 жылы 120 үй алды жөндеуден өтеді. Одан бөлек, тағы 100 аула қайта қалпына келтіру мақсатында құжаттар әзірленуде.

Новости партнеров