Азат Темірбаев қаладағы қойма өртін сөндіруге барған
Алматыда барахолка аумағында болған өртті жою кезінде өрт сөндірушінің қызы дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
"Алматыдағы күрделі өртті жою кезінде №8 өрт сөндіру бекетінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Азат Темірбаев қызды болды. Ол сәби - көпбалалы отбасындағы төртінші бала. Үлкен ұлдары 15 пен 11 жаста, қызы 8 жаста", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Азат Темірбаев Алматының Жетісу ауданындағы қоймалардың біріндегі өртті сөндіру жұмыстарын басқарған, осы салада 21 жылдан бері қызмет етіп келеді. Күрделі өрттерді жоюға қатысып, ондаған адамның өмірін сақтап қалған.
Еске салайық, 12 тамызда сағат 07:16-да Жетісу облысында барахолка қоймаларында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел штаб жұмылдырылып, бірнеше өрт сөндіру орындары құрылғаны хабарланды.