Биыл Алматыдан 1500-ге жуық азамат көктемгі әскерге шақырылған

Биыл Алматыдан 1500-ге жуық азамат көктемгі әскерге шақырылған
Олар қатаң медициналық тексерістермен қатар, психиологиялық тест те тапсырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жыл сайын Алматы қаласынан көктем және күз мезгілінде 3000-ға жуық азамат әскерге аттанады. Биыл шаһардан 1500-ге жуық жас азамат көктемгі әскерге шақырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде Қарулы күштер сапына, Мемлекеттік күзет қызметіне және Қорғаныс министрлігіне сарбаздарды жасақтау жұмыстары аяқталды. Олар қатаң медициналық тексерістермен қатар, психиологиялық тест те тапсырады.

«Әскерге шақырылғандар қатарында көз ауруы өршіп тұр. Біздің әскеріміз кәсіби болғандықтан, арасынан денсаулығы жарамды, моральдық-психологиялық тұрғыдан жақсы жетілген азаматтарды ғана іріктеп аламыз. Бүгінде Ұлттық Ұланның әскери бөлімдеріне сарбаз қабылдап жатырмыз. Ол жұмыстар шілде айы бойынша жалғасады. Сосын ары қарай күздік әскери шақыру жұмыстарына дайындықты бастаймыз», – дейді Алматы қаласы Қорғаныс істері  жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Амантай ҮСЕРБАЕВ.

Новости партнеров