Қосановтың үгіт-насихаты Атырау облысында жалғасты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың Атырау облысындағы штабы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кандидаттың сенімді өкілдері облыс орталығындағы кәсіпорындардың біріне барып, қызметкерлермен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған үміткердің бағдарламасы таныстырылды. Әсіресе, саяси құжаттың аймақтарды дамыту, еңбек адамының құқығы сияқты тармақтары жан-жақты талқыланды.

«Қазақ халқы сайлауға үлкен үмітпен қарап отыр. Өз басым кім Президент болса да, одан елді дамытуға бағытталған саясат күтемін. Ол үшін әділ сайлау керек», – дейді жиынға қатысушылардың бірі Серік САПАНОВ.

Атырау - ел экономикасының тамырына қан жүгіртіп отырған аймақтың бірі. Сондықтан жиында экономикалық сектор да сөз болды. Қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік мәселелер де көтерілді. Бұдан бөлек, тұрғындар саяси құжатқа қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныс білдіруге мүмкіндік алды.

«Шешім шығаратын уақыт. Тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін әр адам саналы түрде сайлауға қатысуы керек. Ол үшін бүгінгі кездесуде айтылған насихатты халыққа жеткізу керек», – дейді. Нұрберген ДӘУЛЕТОВ.

Новости партнеров