Аягөз ауданында 49 жастағы әйелге порноролик жіберген ер адам ұсталды

24.02.2021 21:45

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 311-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

көрнекі сурет

ШҚО полиция департаментінде интернет-алаяқтықты анықтау және жолын кесу бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай жұмыстар ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын интернет-алаяқтықпен және басқа да құқық бұзушылықтармен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған. Мәселен, облыста алаяқтықтың бірнеше фактісі тіркелген. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары пандемия кезінде қаскөйлердің адамдардың аңғалдығын пайдаланып аса ептілікпен өздерінің құрығына түсіретінін атап өтті, өйткені олар алдаудың жоғары технологиялық әдістерін қолданады.

Жақында Өскемен қаласы ПБ-ның Үлбі полиция бөліміне 46 жастағы әйел хабарласып, ол сайттардың бірінде «американдық питбуль» тұқымды иттің сатылғаны туралы хабарландыруды оқығанын хабарлады. Кейін зардап шегуші хабарлама берушіге хабарласып, оның шотына 10 мың теңге аударды. Нәтижесінде ол ақшасыз және итсіз қалды. Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері хабарландырудың авторын анықтады. Ол 18 жастағы жас жігіт болып шықты. Күдікті полицияға жеткізіліп, жауап алу кезінде кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Осы уақытта полиция қызметкерлері Аягөз ауданында мобильді қосымшалардың бірі арқылы 49 жастағы әйелге порнографиялық бейнероликтер жіберген 58 жастағы ер адамды ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 311-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына киберқылмыстан қорғану үшін бірқатар ережелерді сақтауды ұсынады. Атап айтқанда, қаскөйлер пайдалана алатын өзінің есептік және дербес деректеріне мұқият және ұқыпты қарау қажет. Алайда, қорғаудың ең тиімді әдісі бұл заманауи және сапалы антивирустық шешімді қолдану.