Биыл елімізге қанша қандас көшіп келеді

egemen.kz
egemen.kz
Қандастарға арналған квотаны белгілейтін бұйрыққа министр Тамара Дүйсенова қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізге қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдауға арналған биылғы квота бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігіне сілтеме жасап.

Қандастарға арналған квотаны белгілейтін бұйрыққа министр Тамара Дүйсенова қол қойды.

«Бұйрыққа сәйкес елімізге келетін қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы бөлінсін. Ол туралы елорда, республикалық маңызы бар қалалар және облыс әкімдіктері назарына жеткізілсін», - делінген құжатта.

Жұмыстың орындалуына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Ақмади Сарбасов жауапты.

Бұйрықта бекітілгендей, биыл елімізге 1925 қандас және 6727 жан қоныс аудармақ.

Еске сала кетсек, өткен жылы 9 айда 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алған еді.

Новости партнеров