|
11.06.2021 | 18:41
16547

Жамбылдық фермер елде жоқ әдіспен мал бағып жүр

Фермер қанатты көмекшіні қой бағу құралы ретінде екі қойшының ісін атқарады дейді

Жамбылдық фермер елде жоқ әдіспен мал бағып жүр фотоколлаж: tvlaz.ru и Аlmaty.tv

Естімеген елде көп. Жамбылдық фермер елде жоқ әдіспен мал бағып жұртты таңдандырып жүр. Ол төрт түлігін  дронмен бағады. Қойларын құс ұшар биіктіктен бақылап, қашықтан қадағалайды. Мұндай тың тәсілдің  арқасында мал басының жоғалуы азайып, еңбек өнімділігі артқан. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Мерей Бает баяндасын.

Гауһарбек Шонтаевтың жасы 60-тан асқан. Екінші топ мүгедегі болса да, шаруа жетістігін жетік меңгерген. Егін де егеді. Ал төрт түлікті бағу әдісі тіпті керемет. Талайды таңғалдырған 5 баланың әкесі  ұсақ малды дронмен түгендейді.

«Жылқыларды бақылайсың. Қайда кетіп бара жатыр. Оның үстіне оларға чип салдырып қойғам. Қай жерде жүргенін үйден көріп отырамын да. Сол жаққа тіке бағыттаймын. Тіке сол жерге барады. Қасында қандай адам кетіп бара жатыр? Машина кетіп бара жатыр ма? Бәрін көріп отырасың. Сосын уайым азайып қалды», – деді  шаруа Гауһарбек Шонтаев.

Фермер қанатты көмекшіні қой бағу құралы ретінде екі қойшының ісін атқарады дейді. Соның есебінен оларға айлық ретінде беретін 150 мың теңгесін үнемдеген.

Гауһарбек Шонтаев осылайша 10 шақырым жерден 150-ге жуық малын бақылайды. Түлігін сырттан қарап отырғалы олар бөтеннің егістігіне түсуді қойған. Тіпті, мал төлдеген уақытты, қалың шеңгел арасында қалып қойған малды оңай табамын дейді. Ұры-қарыдан сақтануға  да септігі көп көрінеді.

«Түнде де көрінеді. Мысалы, егісті қарауылдайтын болсаң, мал бар ма, үстінен ұшырамыз. Одан кейін жақындап қалса, үркітіп жібереміз. Түсіріп алатыны бар. Видеоға да, фотоаппаратқа да түсіріп алатыны бар. Бұл кәдімгі тікұшақ сияқты болып тұр ғой. Дәл төбесінен түсіреді», – деді  шаруа Гауһарбек Шонтаев.

Бірнеше малшының міндетін атқаратын аппараттың арқасында жұмысым жеңілді деген шаруа енді мал басын көбейтуді көздеп отыр.

Мерей Бает, Нұрлыбек Ержанұлы, «Алматы» телеарнасы, Жамбыл облысынан

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир