Президенттікке үміткер А.Таспихов Қарағандыда жұмысшылармен кездесті

Президенттікке үміткер А.Таспихов Қарағандыда жұмысшылармен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Амангелді Таспихов Қарағанды қаласында өткен медицина саласы жас мамандарының форумына қатысты, сондай-ақ аймақтағы кәсіпорындарда болып еңбек қауіпсіздігімен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Амангелді Таспихов форумда медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеріп, олардың құқығын қорғау үшін жеке және ұжымдық келісім шарт жасалуы тиіс екендігін айтты.  

«Елімізде жылына шамамен 1500-ден астам адам жарақатқа ұшырайды. Мүгедек болып қалатындар да бар. 200-дей адам жұмысқа кеткеннен үйіне оралмайды. Соның бәрін алдын алу мақсатында үгіт насихат жүргізуді заңды түрде реттеу керек . Жұмыс берушілердің бұл мәселеде жауапкершілігін күшейту керек. Себебі олар көбіне мұндай жағдайларға жауап бермейді. Сол үшін жұмыс беруші мен жұмысшы арасында еңбек турасында жеке келісім шарт болу керек», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді ТАСПИХОВ.

Сондай-ақ ел Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов сантехника құралдарын шығаратын зауыттың жұмысшыларымен де кездесті.  Кәсіпорында қазір 300-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірген өнім ішкі нарық пен ТМД елдеріне экспортталады. Ал негізгі міндет – жұмысшыларға жағдай жасау. Өйткені қазір аймақтағы ауыр өндірісте жұмыс істейтіндер арасында жазатайым жағдай азаймай тұрса керек.

Новости партнеров