Қазақстан агродержаваға айналуы керек - Т.Рақымбеков

Қазақстан агродержаваға айналуы керек - Т.Рақымбеков
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің ауыл шаруашылығы саласында жарамды жерлердің әлеуетін толықтай пайдалану керек. Осындай ұстанымды негізге алған Төлеутай Рақымбеков штабының басшысы Ақмола өңіріндегі сапарын шағын елді-мекендерден бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті агродержаваға айналуы керек. Ал ауыл шаруашылығына қолдау әлемнің жетекші елдерімен тең болуы тиіс». Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктерді өңір жұртшылығына таныстырылды.

«Ауылдан қалаға барғандардың көпшілігі қиындық көреді. Барлығы дерлік баспанасыз, жұмыссыз жүргендіктен, баласын балабақшаға беруге қиналады. Сондықтан, біздің кандидаттың бағдарламасында көрсетіліп жатқан мәселе – ауыл инфрақұрылымын дамыту. Сонда ғана ауыл халқы қалаға ағылмай, ауылда да тұрар еді», – деді ҚР Президенттігіне үмітер Т. Рақымбековтың республикалық қоғамдық штабының төрағасы Әли БЕКТАЕВ.

Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында ауыл шаруашылығы саласын қолдау арқылы жұмыссыздықты азайтып, жаппай урбанизацияға жол бермеуге болады дейді. Осының алдында Степногор қаласында өткен жиында үміткердің моноқалаларды дамытып, қала мен ауыл арасын жақындатуға және баспана мәселесін шешуге қатысты бастамалары жан-жақты талқыланған болатын.

Новости партнеров