«Сен жалғыз емессің!»: Алматыда Балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

almaty.tv
almaty.tv
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Сен жалғыз емессің!» Бүгін Алматыда осындай тақырыппен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мақсаты – 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай мүгедек жеткіншектерге көңіл-күй сыйлап, ата-аналарына барынша қолдау көрсету. Оны бірнеше қоғамдық қор Жетісу аудандық әкімдігімен бірлесе ұйымдастырған. Ертегі кейіпкерлері қаладағы 30 отбасына барып, сыйлық таратты. Мұндай шаралар мүмкіндігі шектеулі жеткіншектерге серпін береді, өмір сүруге деген қызығушылығын арттыра түседі дейді ұйымдастырушылар.

«Бар мақсатымыз тек осы мүмкіндігі шектеулі балаларымызға оның ата-аналарына барынша қолдау көрсету еді. Егер де карантин режімі болмаса, біз тіптен ауқымды концерт ұйымдастырып, одан да шараны әрлендіретін едік. Бірақ балаларға мереке қалай болғанда да өтуі тиіс ғой», – деді қоғамдық қорының директоры Захира БИҒАЛИЕВА.

Новости партнеров