|
24.01.2023 | 16:49
1809

Алматыда 360 мың адам зейнетақы мен жәрдемақы алады

114 мың жаңа зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тағайындалған

Алматыда 360 мың адам зейнетақы мен жәрдемақы алады © egemen.kz

Алматы қаласында былтыр 114 мың жаңа зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері тағайындалған. Бұл туралы бүгін қалалық Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы департамент мемлекеттік қызметтердің 14 түрін көрсетіп, 35-тен астам зейнетақы және әлеуметтік төлем түрлерін тағайындайды. Мәселен 10 мыңнан аса азаматқа жасына байланысты, 12 мыңға жуық адамға базалық зейнетақы төлемі жасалған.

«Алматы қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны - 360 мың адам, бұл ретте бір адам бір мезгілде түрлі жәрдемақы мен зейнетақы алатынын ескеру қажет. Жалпы бізде Алматы қаласы бойынша жасы бойынша 236 мың зейнеткер және түрлі жәрдемақы мен төлем алатын 120 мыңнан астам азамат бар», – деді Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Асқар Аймағамбетов.

Брифинг барысында департамент басшысы биылдан бастан 2028 жылға дейін әйелдердің зейнет жасы 61 жасты құрап, сол қалпы өзгермейтінін еске салды. Базалық көрсеткіштердің  өсуіне байланысты әлеуметтік төлем мен жәрдемақы да өсті. Мәселен жасы мен еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдері 10,5 пайыз көбеймек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир