|
29.01.2019 | 16:49
2719

Биыл Алматыда мемқызметкерлердің артық жұмыс істеу дерегі тіркелмеген

Алматинские госслужащие почти не перерабатывают

Биыл Алматыда мемқызметкерлердің артық жұмыс істеу дерегі тіркелмеген

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік қызметкерлер арасында артық жұмыс істеу дерегі тіркелмеген, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мемлекеттік қызмет істері агенттінің өкілдері 40-тан астам мекемелерді бақылап, Еңбек кодексінің сақталауын қатаң тексерген. Нәтижесінде, заңбұзушылықтар анықталмапты. Кешкі сағат 18:00-ден кейін жұмыста қызметкерлер тек басшының бұйрығы негізінде қала алады. Ал артық сағаттары үшін оған қосымша ақы төленеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің заң бұзу дерегі 25 пайызға азайған. Былтыр тәртіптік кеңеске 1100-ден астам маман тартылыпты. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 400 адамға аз.

«Бүгінгі Әдеп жөніндегі кеңестің осы жылғы алғашқы отырысы өтті. Біз бірнеше мәселені талқыладық. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысты артық істемеуі басты назарымызда. Жүргізген мониторинг кезінде мемлекеттік қызметкерлердің жұмысты дер кезінде аяқтайтыны байқалды. Заңға құлақ аспаған жағдайда алдымен ескерту, кейін әкімшілік шара қолданылады», – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынар ӘЛІМХАН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир