«Халық коммунистері» Көкшетау дәрігерлерімен кездесті

«Халық коммунистері» Көкшетау дәрігерлерімен кездесті
Оларды жалақы, зейнетақы және тұрғын үй мәселелері алаңдатады екен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Облыстық көпсалалы аурухана ұжымымен өткен кездесуде «Халық коммунистері» фракциясының өкілдері ақхалаттылардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оларды жалақы, зейнетақымен қамтамасыз ету және тұрғын үй мәселелері алаңдатады екен. 

Айта кетейік, көпсалалы облыстық медицина орталығы төрт аурухананың бірігуі нәтижесінде құрылған.

«Денсаулық сақтау министрлігі алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін стационарлар мен аудандық ауруханаларды тезірек жабуға тырысады. Бұл дұрыс емес. Себебі тұрғындар өз аймағында дәрігерге барып, медициналық қызмет ала алатындай жағдай жасау керек.  Ол үшін аудандық ауруханалардың қызмет сапасын арттыру қажет», – деді «Халық коммунистері» фракциясының депутаты Владислав КОСАРЕВ.

Партия өкілдері мекеменің жабдықталуымен танысып, науқастармен тілдесті. Атқарылған кешенді шаралардың арқасында өңірдегі жүрек тамырлары ауруынан болатын өлім көрсеткіші екі есеге азайыпты.

«Халық коммунистері» емхана ұжымын партия жоспарымен таныстырды. Басқосу соңында олар дәрігерлер жұмысының маңыздылығына тоқталып, қызметтеріне табыс тіледі.

Новости партнеров