|
14.02.2019 | 18:31
1720

Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды

Мұрат Бақтиярұлы одан бөлек көп балалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға бастапқы жарнасыз баспана беру тетіктерін қарастыру қажет екенін айтты

Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерін 50 пайызға көтеру қажет. Сенатор Мұрат Бахтиярұлы Үкімет басшысына осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Халық қалаулысы аталмыш санаттағы жанұяларға тіпті салық көрсеткішін азайту керек дейді. Оның сөзінше, отбасындағы әрбір бала кәмелеттік жасқа жеткенше ең төменгі жалақының 50 пайызы көлемінде жәрдемақы төлеу мүмкіндіктерін қарастыру керек.

«Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы тіркелген. Оның 237 мыңы – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері. Сонымен бірге, 85 мың мүгедек бала, балалары бар, бірақ асыраушысы жоқ не одан айрылған 400 мыңға жуық жалғызбасты ана бар. Сондықтан да Үкімет «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерінің, асыраушысы жоқ аналардың, мүгедек әйелдердің, мүгедек баласы бар аналардың әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқатын көтеру үшін әрбір балаға кәмелеттік жасқа жеткенше ең төменгі жалақының 50 пайызы көлемінде жәрдемақы төлеу мүмкіндіктерін қарастыру керек», – деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат БАХТИЯРҰЛЫ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир