Мәжілісте «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин жария етт
Жаңалықтармен бөлісіңіз


«Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы құрылды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Депутаттың айтуынша, «Жаңа Қазақстан» қоғамдағы ең өзекті мәселелерді дер кезінде Парламент төрінде көтеріп, тұрғындардың мұң-мұқтажын уақытында шешуге қызмет етеді. Үкіметпен бірлесіп халықтың руханиятын күшейтетін, әл-ауқатын жақсартатын заң жобаларын дайындауға, сайлаушыларымызбен одан әрі тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Бұл топ қоғамдағы барлық белсенді саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен қоян-қолтық қызмет жасауға ынталы.  

«Өздеріңізге мәлім, 11 қаңтарда Президент Парламент Мәжілісінің және кешегі Үкіметтің отырысында елімізде атқарылатын біраз маңызды мәселелерді айқындап, нақты міндеттерді қойды. Мұндай кешенді трансформация ең алдымен Парламент қызметінде болып, Мәжіліс қабырғасынан басталуы шарт. Сондықтан Парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топты құруды ресми түрде жариялаймыз!» - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.

Ал депутат Елнұр Бейсенбаев жастар арасында адал еңбектің лайықты бағаланбауы, олардың ортасында қылмыстық топтармен байланысы бар азаматтардың көлеңкелі көшбасшыларға айналуына әкеліп соқтырды деп есептейді.  

«Мұндай топтар әлеуметтік желілер арқылы өздерінің патша өмірлерін көрсетіп, талай жастарымыздың санасын бұзып келеді. Тіпті, кейбірі соларға қарап бой түзейтін болды. Президентіміздің «Адал еңбек ету – бәрімізге ортақ міндет» деген бастамасы, әрбір жастың ұстанымына айналуы тиіс деп есептеймін. Неге десеңіз, Мемлекет басшысы қоғамда ұлтты жегідей жейтін кеселдердің бірі болған масылдықты тілге тиек етті. Жұмыс істеудің орнына жақындарына ауыртпашылық салып, өз өміріне деген жауапкершілікті сезінбейтін жастарымыз да баршылық», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев.


Новости партнеров