Жамбыл Жабаев 175: Алматыда «Ұлы дала жыршысы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқауға 30-ға шуық өтініш келіп түскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда «Ұлы дала жыршысы» атты ауданаралық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Жоғары сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқауға 30-ға шуық өтініш келіп түскен. Нәтижесінде үздік деп танылған 6 оқушыға Медеу ауданы әкімінің алғыс хаты және сыйлықтар берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салайық, байқау жыр алыбы Жамбылдың 175 жылдығын мерекелеу қарсаңында ұйымдастырылған болатын.
«Жамбыл атамызды қырсық шал дейді. Өйткені ол кісі қағидасына, ұстанымына берік болған адам. Ұстанымына қарама-қайшы келетін бір нәрсе болса, ондайға мойын бұрмаған. Өзінің ұсынысына мойын бұрмағаннан кейін ұсынысты беріп тұрып қабылдамаса, ой мынау қырсық шал екен дейді», – деді Ж.Жабаевтың шөбересі Бұлан Жамбыл.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
12.10.2026 12:54
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
12.10.2026 09:00