«Денсаулық саябағы» шаһар тұрғындарының сейілдеп, бой жазатын демалыс орнына айналған
Таразда қауіпті індетпен күресте өз өмірлерін құрбан еткен дәрігерлерге арналған «Денсаулық» саябағындағы ескерткішті бәзбіреулер қиратып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Таразға тарту» жобасы шеңберінде пайдалануға берілген «Денсаулық саябағы» шаһар тұрғындарының сейілдеп, бой жазатын демалыс орнына айналған болатын.
Аталмыш саябақта күні кеше ақ халатты абзал жандарға арналған мүсінді бәзбіреулер бүлдіріп кеткенін екен.
Қала әкімдігі жедел түрде бұзылған ескерткішті қалпына келтіргенімен, бүгін тағы да бұзақылар осы мүсінді қиратып кеткен.
«Бұқара үшін жасалған дүниені бүлдіруге неге құмармыз? Қаламызда көрікті нысандардың көбейгені барлығымызға ортақ қуаныш емес пе? Ендеше сол барды бағалап, көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз ғой… Ол үшін осындай тентектерді тезге салғанымыз жөн. Бұған жалғыз қала әкімдігі ғана емес, барша қоғам белсенділері де мүдделі болуы қажет. Сонда ғана санамыз түзеліп, шаһардағы әрбір дүниеге құрметпен қараймыз», – деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.