Ескі көліктерге салынатын салық төмендетіледі

18.09.2024 02:47

Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты

Cгенерировано ИИ

 

Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салықтық төлем жеңілдетіледі. Қолданысына 10 жылдан асып кеткен темір тұлпарлардың берешегі кемінде 30 пайызға дейін қысқартылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жаңа салық кодексінің жаңалығы көп. Ұзақ пысықталған құжатта көрсетілгендей, енді азаматтардың артық мүлкі болса, ол үшін мемлекеттік қазынаға қосымша қаржы төлейді. Артық дегенім атыңызда құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік болса, салықтың ең жоғары мөлшерлемесін өтейсіз. Бұл қатарда бай-бағландар тұтынатын қымбат ішімдік, темекі өнімдері мен қымбат теңіз кемелері бар.

– Жаңа Салық кодексімен елімізде «сән-салтанат» салығы енгізіледі. Бұл байлық салығы мына мүліктер үшін салынады. Жиынтық құны 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мүлік салығының жоғары мөлшерлемесі көзделген. Мұнымен қоса, кедендік құны 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық салу қарастырылған, – деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин.

Тағы бір жаңашылдық елдегі ескі көліктерге қатысты. Шығарылғанына 10 жылдан асқан автокөліктердің салығын 30 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Ал 20 жылдан асқан темір тұлпарлардың берешегі 50 пайызға дейін төмендетілмек.

– Ауылдарда 100 мың көлік бар. Ескі жигулимен жүр әлі күнге жүр. Халық оны мініп табыс табады. Сондықтан салық салғанда базасына қарайды. Жылына байланысты. Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша, ең төменгі төлем қарастырылған, – деді ҚР Қаржы вице-министрі Біржан Ержанов.

Жаңа салық кодексінде зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді жеке табыс салығынан босату туралы норма да өзгерген. Ұзақ талқыға түскен құжат бүгін де мәжілісмендердің ойынан шықпады. Бірнеше депутат әлі де болса толықтырулар қажет екенін алға тартты.

Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Дастан Темірбекұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында мектептердің асханасына мониторинг жүргізіліп жатыр