Алматылықтар жұмыспен қамту орталығының қызметтерін онлайн режимде ала алады

Almaty.tv
Almaty.tv
Қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы Enbek.kz порталына тіркелу қажет
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар жұмыспен қамту орталығының қызметтерін онлайн режимде ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді қала мекемелеріндегі бос орындарды үйден шықпай-ақ қарап, таңдауға болады екен. Қызметтерді пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы Enbek.kz порталына тіркелу қажет. Сондай-ақ, сайтта әлеуметтік төлемді тағайындау үшін өтініш беруге мүмкіндік бар. Ал интернет немесе компьютері жоқ тұрғындар үшін жұмыспен қамту орталығында арнайы кеңесшілер жұмыс істейді.

«Порталда жұмыссыз ретінде тіркелуге болады. Қолданушының мәліметтеріне қарай сайт автоматты түрде бос жұмыс орындарын ұсынады. Сондай-ақ, жұмысынан айырылғандар жәрдемақы алуға өтініш бере алады», – деді халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім жетекшісі Әділет Жаңабаев.

Новости партнеров