Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды

primeminister.kz
primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қордай ауданында орын алған жағымсыз жағдайға байланысты, Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев оқиға орнына арнайы аттанды. Жағдаймен жіті танысып, қақтығыс салдарын жою бойынша нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Вице - премьер қазіргі таңда  барлық кіріп-шығатын жолдарға блог-постар қойылып, қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, соңғы тәулік ішінде Қордай, Қарасу, Ауқатты, Сортөбе шекара бекеттерінен 4454 адамның Қазақстан аумағына қайта оралғандығын айтты. Әкімдіктің мәліметінше, қақтығыс салдарынан 36 тұрғын үй мен 11 коммерциялық нысан, сондай-ақ 44 автокөлік өртенген. Қазір залал көлемі анықталуда.

«Бәрі жақсы болады,  сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз. Енді ешқандай атыс болмайды. Бастысы, тынышталыңыздар! Біз оған жол бермейміз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаев.


Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік комиссия мүшелері,  сондай-ақ Жамбыл облысының басшысы Абылай Мырзахметов марқұмдарды жерлеу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.

Айта кетейік, қақтығыс салдарынан 176 адам ауруханаға жүгініп, 41-і жатқызылса, 10-ы қаза болды. Қақтығыс орын алған күні төтенше жағдайлар департаментінің  19 техникасы мен 80 сарбазы жұмылдырылған. Ал жағдайды толық  бақылау үшін  екі мыңға жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері, 130-ға тарта әскери техника жұмылдырылды.

Новости партнеров