Сәдібек Түгел Щучинск қаласында шығармашылық кешін өткізді

Сәдібек Түгел Щучинск қаласында шығармашылық кешін өткізді
Үміткер Ботай қонысында халықаралық форум өткізуді де ұсынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ұлағатты ұрпақ - ұлттық ұстаным». Осындай тақырыппен Щучинск қаласында Қазақстан Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

20-дан астам кітаптың авторы, жазушы, журналист болашақ жоспарымен бөлісіп, қала тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Тұғырнамада ұлы дала мәдениетін жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға басымдық берілген.

«Мәдениет – біздің болмысымыз. Менің дәріптеп жүргенім де – осы. Ал, ұлттық мәдениет дегеніміз дәстүрлі ән-күй, домбырамыз ғой», – деді ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек ТҮГЕЛ.

Кеш барысында үміткер ең алғаш көшпелілердің жылқыны қолға үйреткен Ботай қонысында халықаралық форум өткізуді де ұсынды.

«Біз, «Ұлы дала қырандары» осы Ботай қорымынан табылған сенсациялық жаңалықтарға орай екі мәрте экспедиция,  екі ғылыми конференция өткіздік. Осына неге әлемдік деңгейге жеткізбеске?!.», – деді Сәдібек ТҮГЕЛ.

«Біздің ұлттық кодымыз ұлттық өнеріміз. Біз сонымен ерекшеленеміз. Кандидат Сәдібек Түгел ұлттық құндылықтарды ұлықтауға ерекше көңіл бөлген», – деді дәстүрлі әнші Гүлім ҚҰДЫСБЕК.

Новости партнеров