|
12.08.2019 | 16:52
4331

Оралға жаңа әкім тағайындалды

Депутаты городского маслихата единогласно поддержали кандидатуру нового градоначальника

Оралға жаңа әкім тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының бұрынғы әкімі Абат Шыныбеков Орал әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық мәслихаттың депутаттары жаңва кандидатураны бірауыздан қолдады.

Абат Шыныбеков 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын "Ауыл шаруашылығын механизациялау", 1998 жылы Батыс Қазақстан "Еуразия" тілдер және менеджмент институтын "Экономика - менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

Шыныбеков 1996-2003 жылдары түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.

2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, 2008-2012 жылдары "Нұр Отан" БҚОФ төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы қызметтерінде болды.

Ал 2017 жылы Казталов ауданының әкімі қызметіне келді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир