Елорда тұрғыны мемлекетке 900 млн теңге көлемінде залал келтірді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Экономикалық тергеу департаменті хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елорда тұрғыны жалған шот жазып, мемлекетке 900 миллион теңге көлемінде залал келтірді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Экономикалық тергеу департаменті хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.               

Департамент мәліметінше, қаржылық мониторинг агенттігі «көлеңкелі экономикамен» күрес жүргізіп, іс жүзінде қызметтер де, жұмыстар да, тауарлар да ұсынбайтын «күмәнді» кәсіпорындар қызметінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, Нұр-Cұлтан қаласында жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып беру фактісі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорына қатысты қылмыстық іс аяқталған.

«Тергеу барысында Д. Құрманғожинова 2017-2018 жылдар аралығында серіктестіктің атынан түрлі компаниямен жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Соның нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 900 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Д. Құрманғожиноваға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – деді Экономикалық тергеу департаментінің өкілі Айнұр Хамзаева.

Новости партнеров