|
19.11.2021 | 18:32
994

Pfizer вакцинасының ерекшелігі неде

20 қарашадан бастап елімізде ревакцинациялау басталады

Pfizer вакцинасының ерекшелігі неде ©REUTERS

20 қарашадан бастап елімізде ревакцинациялау басталады. Бұл процесс қалай жүреді? Осы ретте не білу қажет? Бұл сұрақтың жауабын дәрігер, педиатр Қарлығаш Байдулла «Алматы» телеарнасының «Таңғы Studio» бағдарламасында айтып берді.

Маманның айтуынша, ревакциналану процедурасын алғашқы вакцинадан кейін 6 немесе 9 айдан кейін алу керек.

«Вакцина алған соң адам ағзасында антиденелер пайда болады. Олар уақыт өте өз күшін жоя бастайды. Мөлшері азая бастайды.  Сол үшін ревакцинация қажет. Елімізде көпшілік «Спутник V» вакцинасын алды. Оның жасалу жолы тірі вакцинаға сай келеді, ал қалған вакцина инактивті вакцина саналады.  Сондықтан алғашқы екпеден кейін 6 ай уақыт өту керек. Кейде 9 айдан кейін алу керек деп айтып жатады, егер өзіңізді жақсы сезінсеңіз, онда 6 айдан соң ала беруге болады.  Бұл вакцинаның жасалу жолы мен құрамына байланысты», – дейді ол.

Сондай-ақ ол Pfizer вакцинасының ерекшелігі неде екенін атап өтті.

« Pfizer вакцинасын жүкті әйелдерге, емізіп жүрген аналар мен балаларға салуға болады. Себебі вакцинаның құрамында. Pfizer-дің құрамы өлі микроағзадан тұрады. Сол себепті оның организмге түсіп, антидене пайда болғанға дейінгі кезең өте жеңіл өтеді», – деді Қарлығаш Байдулла.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир