Қарағанды облысындағы сегіз ауылға санитарлық шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өйткені өңірдегі ірі-қара малдан бруцеллез анықталған. Инфекциялық ауру әсіресе, Абай, Шет, Нұра және Қарқаралы аудандарында кең тараған. Бұл қатарға Осакаров ауданы да қосылды. Дәрігерлердің айтуынша, аталған кесел белгілері адамдардан анықталмаған. Дегенмен, облыста мал басын және ет-сүт өнімдерін өзге өңірге шығаруға тыйым салынды. Ал патологиялық сынама алынған 18 сиыр сойылған.
Айта кетейік, келтірілген шығынның 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі.
– Бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары барлық ірі қара мал басына қатарынан екі теріс ПТР нәтиже алғанға дейін және жануарлардың басқа түрінде теріс ПТР нәтиже алынғанға дейін, сондай-ақ қорытынды дезинфекция сапасының нәтижелеріне сәйкес жүргізіледі. Дертке шалдыққан малдың еті тұтынушыларға сатылмауын бақылап отырмыз, – деді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекция басшысы Ержан Бекетбаев.
Оқи отырыңыз: Жайық өзеніндегі су деңгейі өзгерді