19 наурыздан бастап Алматыдағы барлық балабақшалар жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшының орынбасары Гүлнар Айтқұлова айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертеңнен бастап Алматыдағы барлық балабақшалар жабылады. Бұл туралы қалалық білім басқармасы басшының орынбасары Гүлнар Айтқұлова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, карантин уақытында тәрибешілерге тұрақты жалақы төленеді және өздерінің қалауына қарай еңбек демалысына да жіберіледі. Сондай-ақ, шаһардағы оқушылар сарайы мен қосымша білім беретін орталықтар да жұмыс істемейді. Ал, үйлеріне қайтуға мүмкіндігі жоқ студенттер жатақханада тұрып, онлайн білім алуларына болады. Одан өзге брифинг барысында білім министірлігінде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы аяқталғанда каратин созылатын болса, қашықтықтан оқыту мәселесі қаралып жатқандығы да айтылды.

«Қала бойынша 8 арнайы білім мекемесі бар. Сол мекемелер негізінде тәрбие алып жатыр. 488 қызметкер, 394 бала бар. Ол балаларға қалаға шығуға және де ұстаздардан әрі мекемедегі өзге қызметкерлерден басқа адамдармен  қарым-қатынас жасауға тыйым салынды» - қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар АЙТҚҰЛОВА.

Новости партнеров