Алматының хайуанаттар бағында бірінші рет сусиыр дүниеге келді

wallhere.com
wallhere.com
Салмағы – 38 келі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының хайуанаттар бағында 18 жылдан бері бірінші рет сусиыр дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салмағы 38 келі, ал бойы 50 сантиметр боп туған төлдің жағдайы жақсы. Қазір ол енесімен бірге қоршауда. Ал зообақ қызметкерлері кішкентай сусиырға ат қою үшін тұрғындардың ұсынысын күтеміз дейді.

«Жағдайы өте жақсы, енесінің қасынан бір елі ажырамай, жанында жүреді. Ол шөп жейді және өзінің мекен ететін ортасында су жағалауындағы шөппен қоректенеді. Ал төлі сүтпен қоректенеді», – дейді хайуанаттар бағының ғылыми қызметкері Жансая Ахметкәрімова.

Қоса кетейік, қазір Алматы зообағы «Африка саваннасы» кешенінің құжатын әзірлеп жатыр. Жобалық сметаға сәйкес, ол жерде сусиырлар мен пілдер, керіктер және антилопалар тұрады. Ал құрылыс келер жылы басталмақ.

Новости партнеров