2022 жылы Қазақстанда қай демалыс күндері ауысады

23.08.2021 21:54

Ресми қабылданған жағдайда 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

wrike.com

Елімізде келесі жылы кейбір демалыс күндері ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     Демалыс күндері:

2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге;

2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылсын.

Айта кетейік, аталған қаулы алдағы 7 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға түседі. Ресми қабылданған жағдайда 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.