|
02.08.2019 | 17:15
6960

Алматыда жұмыссыздарды қолдау орталығы ашылды

Олардың 500 мың теңгелік грант ұтуға да мүмкіндіктері бар

Алматыда жұмыссыздарды қолдау  орталығы ашылды

Онда азаматтарды еңбекпен қамту ғана емес, жеке бизнестерін ашуға да қол ұшын береді. Қазір қаладағы «Кенжехан» және «Көкбазар», екі теміржол бекеті мен Түрксіб жәрмеңкесінде дәл осындай 5 орталық жұмыс істеп жатыр. Ал, адамдар көп шоғырланған аумақтарға тағы жетеуін ашу көзделуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жұмыс іздеп келген азаматтар өздерінің қабілетін, білімі бәрі сәйкес келіп, жұмыс өтілі бар болатын болса біз оларды тікелей жұмысқа орланаластыруға мүмкіндіктер бар. Бізде Еңбек порталы бойынша және Атамекен қолдау орталығының өзінің жұмыстар тізімі бар. Сол тізім бойынша біз бірнеше жұмыс түрлерін табыстап, солар бойынша өздері жұмысқа орналасуға мүмкіндік береміз», – деді «Атамекен» қолдау орталығының менеджері Фариза ЕРГЕБЕКОВА.

Жұмыссыздар мен өзін-өзі еңбекпен қамтушылардың 500 мың теңгелік грант ұтуға да мүмкіндіктері бар. Ол үшін бір айлық кәсіпкерлік курс оқулары керек. Ал, қандай мамандық таңдарын білмей жүргендерге орталықтағы психологтар бағыт-бағдар көрсетіп, тегін оқуларға жібереді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

бизнес
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир