|
30.08.2021 | 16:55
5029

Жасырын нөмірден кім хабарласқанын қалай білуге болады

Қазіргі уақытта жасырын қоңырауды анықтаудың түрлі тәсілі бар

Жасырын нөмірден кім хабарласқанын қалай білуге болады Sputnik Қазақстан

"ИТ-Резерв" компаниясының директоры Павел Мясоедов "Прайм" агенттігіне жасырын нөмірден хабарласқан адамды қалай анықтауға болатынын айтып берді.

Маманның сөзінше, бірде-бір адам нөмірін толықтай жасыра алмайды. Қазіргі уақытта жасырын қоңырауды анықтаудың түрлі тәсілі бар.

«Алаяқтардың мәліметтер базасы немесе банк, байланыс операторлары жасаған арнайы қосымшалар бар. Олар нөмірді бірден анықтай алады», – деді сарапшы.

Алайда кейде белгісіз нөмірден кім қоңырау шалғанын білу қиынға соғады. Мұндай жағдайда абонентті барынша мұқият тексеру керек. Мәселен, іздеу қосымшалары мен сайттағы жарнамалар бөлімінен қарауға болады.

Бұдан бөлек, абонентті анықтау үшін мессенджерді тексерген жөн. Ол жерде суреті болуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир