|
06.08.2022 | 16:55
3081

Елімізде пияз бағасы соңғы айда шамамен 11,9 % өскен

Бір айда Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында бағаның ең жоғары өсуі тіркелген

Елімізде пияз бағасы соңғы айда шамамен 11,9 % өскен ашық дереккөз

Үкіметте азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты өткен жиында Премьер-министр Әлихан Смайылов пияз бағасының өсуін сынға алды, деп хабарлайды Almaty.tv

Соңғы айда пияз бағасы орта есеппен 11,9%-ға өсті. 

Бір айда Батыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан облыстарында және Алматы қаласында бағаның ең жоғары өсуі тіркелген. 

«Әріптестер, қантпен болған жағдайдың объективті сыртқы себептері болса, пияз бойынша жағдай – жүргізілген жұмыстың шалалығының нәтижесі. Әкімдіктердің барлық мүмкіндіктері болды, олардың қатарында астықты жеткізу бойынша уақытылы келісімшарттар жасасу тетігі бар. Өңірлер әкімдеріне оны тұрақтандыру қорларын толықтыру үшін белсенді түрде пайдалануды тапсырамын. Осы мәселеде әр жұмысты уақытылы орындау маңызды екенін атап өткім келеді», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр бағаның өсу себептерінің бірі өндіруші мен түпкілікті тұтынушы арасындағы делдалдардың көптігі екенін айтты. Оларды анықтау үшін барлық өңірлерде арнайы комиссиялар құрылған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир