Қасым-Жомарт Тоқаев электр қуатын пайдалануға берудегі кемшіліктерді айтты

Фото:elements.envato.com
Фото:elements.envato.com
Оңтүстік және Батыс аймақтардың электр желісін күшейту жұмыстары жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оңтүстік және Батыс аймақтардың электр желісін күшейту жұмыстары жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  БОРТ N1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Энергия қуатының орын алып отырған тапшылығын да естен шығаруға болмайды. Энергия теңгерімі жоспарына сәйкес, осы жылы бір гигаваттан артық қуатты пайдалануға беруге тиіс едік. Бірақ, бірқатар жобаны жүзеге асыру кейінге қалдырылып отыр. Биыл жоспарланған қуаттың тек 31 пайызы ғана іске қосылады», - деді Қазақстан Президенті бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 

Мемлекет басшысының атап өтуінше, энергия тапшылығы жағдайында мұндай қарқын көңіл көншітпейді. 

«Үкімет мұны түсінеді деп үміттенемін. Елдің бірыңғай энергия жүйесінің Оңтүстік және Батыс аймақтарының электр желісін күшейту жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Батыс аймақтағы жұмыстар тек 10 пайызға ғана аяқталған. Жобаларды дер уақытында жүзеге асыру үшін барлық іс-шараны қабылдау қажет. Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі соған байланысты», - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Новости партнеров