Алматыда қант тапшылғы жоқ

Almaty.tv
Almaty.tv
Мамандардың айтуынша, қант қоры жеткілікті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қант тапшылғы жоқ. Бұл мәліметті қала әкімдігі растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мамандар да қант қорының мөлшері жеткілікті екенін айтады. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының дерегінше қалаға күніне 300-ден 500-тоннаға дейін қант жеткізіліп, дүкендерге таратылады. Айта кетейік, бұған дейін  қала тұрғындары қант тапшы деген мәселе көтерген еді.

«Қазір тосап әзірлеп, тәтті тағамдар көп дайындайтын мезгіл болғасын құмшекерге сұраныс артып кетті. Ол сұранысты қанағаттандыру үшін қазір тасымалдау мөлшерін көбейттік. Бүгін көргендеріңіздей 40 тонналық қант тиеген екі камаз жолға шықты. Ол қаладағы фирмалық дүкендерге таратып шығады», – деді Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Омаров.

Новости партнеров