Алатау ауданындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізілді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Өнімге 15 пайыз ғана үстемақы қосуға рұқсат берілген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін әкімдік өкілдері Алматының Алатау ауданындағы әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасына мониторинг жүргізді. Олар жергілікті тұрғындар көп келетін дүкендер мен көтерме сауда орындарын аралады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетсек, кәсіпкерлер мен саудагерлердің халық жиі тұтынатын нан, сүт, ұн, күріш, пияз,картоп сынды азық-түлік  құнына 15 пайыздан артық қосып сатуына болмайды.

– Түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өнімге 15 пайыз ғана үстемақы қосуға рұқсат берілген. Ал артық қосқан жағдайда, бағаны суретке түсіріп, Сауда департаментіне жібереміз. Олар бірінші түсіндіреді. Қайта құқық бұзылса, айыппұл салады, – деді Алатау ауданы әкімі аппараты Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы Азамат Қасенов.

Мониторинг кезінде саудагерлер дүкен сөресіне қоятын кейбір тауарды базардан алатыны анықталды. Соның салдарынан кәсіпкер тауарды қандай бағада алғаны, оған қанша пайыз қосып сатып жатқаны белгісіз. Ал дүкен иелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнын барынша төмен ұсынамыз деп сендірді.

– Тауарды «оптовкадан» аламыз, бағасын тексере алмаймыз. Оның тауарды қаншадан алып жатқанын білмейміз. Айтқан бағасын төлеп, үстіне пайыз қосып, сатамыз, – деді  кәсіпкер Айдос Көккөзев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның қауын-қарбызы Еуропада сұранысқа ие

Новости партнеров