Интернетке қол жеткізудің қолайлы бағыты қандай

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Министрдің айтуынша, егер Ресей жаһандық желіден ажыратылатын болса, Қазақстанда қосымша интернетке кіру нүктесі бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей интернеттен ажыратылған жағдайда, Қазақстанның интернетке қалай қосыла алатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Министрдің айтуынша, егер Ресей жаһандық желіден ажыратылатын болса, Қазақстанда қосымша интернетке кіру нүктесі бар.

"Көршілерде интернет өшірілетін болса, бізде де интернет өшеді дегенді білдірмейді. Біз интернетке шығыс арқылы да, яғни Қытай арқылы қосыла аламыз. Интернет трафик шектелмейді. Мысалы, Гонкогта Тынық мұхиты арқылы Америкаға бағыт беретін халықаралық компаниялар бар", - деді министр Мәжіліс отырысында. 

Оның айтуынша, Қазақстан үшін бұл маршрут та тиімді, себебі трафиктің 50%-ы елімізде қалады. 

"Қазақстанда қалатын 50% - Kaznet ресурстары немесе халықаралық ойыншылардың кэштелген серверлері. Ал қалған халықаралық трафикке кіретін ресурстардың басым бөлігі Америкаға тиесілі, яғни Қытай мен Гонконг арқылы, сондай-ақ  Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арқылы американдық ресурстарға өз күшімізбен кіру және маршруттарды белгілеу бізге қиын емес. Біз әдетте америкалық серверлерге Еуропа арқылы кіретінбіз. Байланыс операторларымен іс-қимыл жоспарын дайындадық, енді қандай да бір жағдайлар бола қалса, маршруттарды еш қиындықсыз өзгерте аламыз ", - деп нақтылады Бағдат Мусин.

Новости партнеров