Еліміздің 5 өңірінде «Әділдік және өркендеу» қоры ашылды

01.03.2024 20:57

Қоғамдық қабылдау бөлмелері жергілікті және республикалық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған

Almaty.tv

«Әділдік және өркендеу» қоры Қазақстанның 5 өңірінде қоғамдық қабылдау бөлімін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол  Шымкент, Алматы, Астана қалалары мен Ақтөбе, Түркістан облыстарында іске қосылды. Қоғамдық қабылдау бөлмелері жергілікті және республикалық деңгейдегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Сондай-ақ өңірлерді дамытуды талқылауға арналған алаң ретінде жұмыс істейді.

«Жергілікті жерде де тиісті мамандарды шақыра отырып, қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін шешу жолын ұсынамыз. Ал күрделі дүниелерді жергілікті билікке тапсырамыз. Шешімі табылғанша қолдау көрсетеміз. Себебі біздің құрамымыздағы белсенді азаматтар – кәсіби мамандар», – деді «Әділдік және өркендеу» қорының түркістан облысы бойынша белсендісі Әдемау Толысбаева.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік бағдарлама: қала тұрғындары салынған үйдің сапасына шағымданды