Ұлытауда бала терезеден құлап кеткен

elements.envato.com
elements.envato.com
Төтенше жағдайлар қызметкерлері ата-аналарға ескерту жасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлытау облысына қарасты Сәтбаев қаласында да 6 жастағы бала төртінші қабаттан құлап, бірнеше дене жарақатын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Дәрігерлер қазір оның өте ауыр жағдайда екенін айтады. Науқасқа ашық бас миының жарақаты, бас сүйегінің түбіне дейін созылған көптеген сынықтары мен сол жақ бұғана сүйегінің жабық сынуы сынды диагноз қойылды. Қазір бала облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Осы жағдайдан соң Сәтбаев қаласының төтенше жағдайлар бөлімі ата-аналарды барынша қауіпсіздік шараларын қолға алуға, балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Жыл басынан бері Сәтбаев қаласында терезеден құлау дерегі 6 рет тіркелген.

- Баланың жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Құрметті ата-аналар қазіргі таңда балалардың терезеден құлау дерегі көп тіркеліп жатыр. Ол жағдайдың алдын алу мақсатында балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Масадан қорғайтын маскеттік торға сеніп қалмаңыздар. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар жүргізу үстіндеміз, - дейді Сәтбаев қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Жанболат Жақсылықов.

Оқи отырыңыз: Періштесі қақты: тағы бір сәби терезеден құлады

Новости партнеров