Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Абай даңғылы бойымен көліктер жүруі ішінара шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.
Алматыда 1991 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан құбыржолын ауыстыру үшін Абай даңғылы бойындағы көлік қозғалысы шектелмек
9 тамыздағы сағат 23:00-ден 12 тамыздағы сағат 10:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында Абай даңғылы бойымен «Royal Petrol» жанармай құю бекетінен Сайын көшесіне дейін шығыс бағытта автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Абай даңғылының солтүстік жағында екі бағыттағы автокөлік қозғалысы ұйымдастырылады.
Уақытша шектеулер аталған көше бөлігінің көлік жүретін жол бөлігінің астынан өтетін, 1991 жылдан бері пайдалануға берілген ұзындығы 1838 метрлік құбырды қайта жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.
Бұл құбыр 406 көпқабатты тұрғын үйді, 105 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 1 денсаулық сақтау нысанын және тағы басқа 6 нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды