Алматылықтар 36 сағатта Арысқа 10 тоннадан астам азық-түлік жинады

Алматылықтар 36 сағатта Арысқа 10 тоннадан астам азық-түлік жинады
Алғашқы 4 жүк көлігі жолға шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі тәулікке жетпей алматылықтар Арысқа көмек ретінде киім-кешек пен гигиеналық заттарды санамағанда, 10 тоннадан астам азық-түлік жинады. Керуен жолға шығып кетті. Жиналған заттардың арасында балалар тағамы мен жөргектер де бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Жай жиналған заттарды ғана емес, халыққа өте қажет деген тауарларды сұрыптап жіберуге тырысып жатырмыз. Меніңше, біз өзімізге жүктелген міндетті атқарып жатқан сияқтымыз. Белсенді азаматтардың арқасында Арысқа кеше 4 жүк көлігін жібердік», – дейді «Алтын арыстан» спорт клубының жетекшісі Андрей ВАСИЛЮХИН.

Белсенді алматылықтар Арыс тұрғындарының басына түскен қайғыға бей-жай қарамағандығын жоғары бағалап отыр. Айта кетейік, еріктілердің мұндай жағдайда әрекет ету тәжірибесі бар. Бұған дейін олар Қызылағаш оқиғасы мен Қарағандыда болған апатты жағдайларға да қол ұшын созған болатын.


Новости партнеров