Бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды
13 шілдеде Сарқан ауданында Балқаш көлінде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бала демалыс аумағынан өз бетінше шығып, адасып кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру операциясы барысында бала демалыс орнынан 6 шақырым қашықтықта, көлдің жағалауында табылды. Құтқарушылар баланы анасына тапсырды. Ол медициналық көмекке мұқтаж емес еді.
Оқи отырыңыз: Аса қауіпті: ТЖМ Қазақстан халқына ескерту жасады