17 жылдық белес: Aport Mall West жаңа жобаларын таныстырып, келушілерге тосынсый жасады

21.09.2026 15:09

Жиында Апорт молдың жаңа даму кезеңі мен алдағы жобалары таныстырылды

Алматыдағы Aport Mall West биыл 17 жылдығын атап өтуде. 2009 жылы ашылған сауда-ойын-сауық орталығы бүгінде айына миллионнан астам келушіні қабылдайды. Мерейтойға орай мұнда келушілерге арнап ұтыс ойындары, серіктестер мен блогерлерге арнап арнайы іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Жиында сауда орталығының жаңа даму кезеңі мен алдағы жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Aport Mall West 17 жыл ішінде Алматыдағы ірі сауда және ойын-сауық нысандарының біріне айналды. Мұнда 100-ден астам халықаралық және әлемдік брендтің дүкені жұмыс істейді. Олардың арасында Қазақстандағы алғашқы сауда нүктесін осында ашқан брендтер де бар. Келушілерге 60-тан астам кафе мен мейрамхана, заманауи Aport Cinema кинотеатры, аквапарк және Funky World ойын-сауық паркі ұсынылған.

«Он жеті жылдығымызға орай әр келген қонағымызға 100 сыйлық ойнатамыз. Қонақтар білезік алып, бақ сынак көрсе болады», Aport Mall басқарушы директорының орынбасары Сабыр Жансағымов.

Aport Mall-дың алдында жаңа кезең тұр. Алдағы уақытта мұнда халықаралық брендтер шоғырланған жаңа фудкорт ашылмақ. Жаңа гастрономиялық кеңістікте Popeyes, Hardee’s және Korean Street Food секілді жобалар ұсынылады. Сонымен қатар ойын-сауық аймағы да жаңарады. Funky World орнына жаңа форматтағы Funky Planet паркі ашылып, заманауи аттракциондар мен отбасылық демалысқа арналған жаңа мүмкіндіктер пайда болмақ.

«Aport Mall  – ең алдымен, отбасылық демалысқа бағытталған әлеуметтік сауда орталығы. Келушілер өздеріне және жақындарына қажетті дүниелерін алып, жақсы әсермен қайтса дейміз. Басты жетістіктеріміздің бірі – сауда орталығына ай сайын миллионға жуық адамның келуі. Біз әрдайым заманауи үрдісті бақылап, сауда орталығының форматын жаңартып, келушілерге ұсынатын мүмкіндіктерімізді жетілдіріп отырамыз», – деді әкімшілігінің кураторы Талғат Жұмағұлов.

Жаңару сауда галереясын да қамтиды. Жақын уақытта Aport Mall West аумағында Nike, DNS секілді жаңа дүкендердің ашылуы жоспарланған. Осылайша сауда орталығы келушілерге ұсынылатын тауарлар мен қызмет түрлерін кеңейтуді көздейді.

Сауда орталығының өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – келушілер үшін сауда мен демалысты бір кеңістікте үйлестіретін заманауи ортаны қалыптастыру.

Айжан Дайрабай, Ернат Болатбек

Толық көрсету