Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы Сания Мұхаметжанова айтты
Қазақстанда 5 шет мемлекеттің азаматтарына жеке кәсібін ашуға рұқсат етілген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас сарапшысы Сания Мұхаметжанова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Біздің елімізде Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Армения елдерінің резиденттері жеке кәсібін аша алады. Оларға кәсіпкер ретінде тіркелуге рұқсат етілген. Дегенмен осы аталған 5 елдің азаматтары Қазақстанда тұруға рұқсат алғанын растауы қажет. Бұл мемлекеттерден басқа елдердің резиденттері Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркеле алмайды», – деп атап өтті Сания Мұхаметжанова.
Еске сала кетсек, бұл уақытқа дейін Мемлекеттік кірістер комитеті тауарларды қадағалауға бағытталған пилоттық жобаның қалай іске асып жатқанын баяндаған болатын.