Бұл ақпаратпен Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының қалалық ветеринарлық қызметінің басшысы Адис Сейдақматов бөлісті. Мегаполистің кез келген тұрғыны өзінің жануарын өтінім беру арқылы чиптете алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әділ Сейдакматов қараусыз және қаңғыбас жануарлардың санын ізгілікті реттеу мәселесінде Алматы қаласының әкімдігімен қоғамдық бірлестіктер мен жануарларды қорғау ұйымдары белсенді ынтымақтасуда.
“Аталған Заңды іске асыру мақсатында қазіргі уақытта "Алматы "ӘКК "ҰК" АҚ-мен "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" ҚР Заңының талаптарына жауап беретін жануарларды уақытша ұстау пунктін құру үшін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы ауданы 2,4 га жер учаскесін «Қалалық ветеринарлық қызметке» беру бойынша жұмыс жүргізілуде”, - деп хабарлады ӨКҚ спикері.
А. Сейдақматовтың пікірінше, Алматы қаласы көшелерінде қаңғыбас жануарлардың болуының басты себептерінің бірі үй жануарларын жауапсыз ұстау және өсіру болып табылады.
“Қазіргі уақытта біздің ветеринариялық мамандар Алматы қаласының аумағында үй жануарларын есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында үй жануарларын, атап айтқанда иттер мен мысықтарды чиптеуді өтеусіз негізде жүргізуде. 2022 және 2023 жылдары 15000 үй жануарларын чиптеу жоспарланған”, - деді ветқызмет өкілі.
Спикер чиптеу ұғымын түсіндірді. Чиптеу - бұл жануарларды (иттер, мысықтар) электронды сәйкестендіру, бұл жануардың терісі астындағы микрочиптің имплантациясы, онда 15 таңбалы бірегей нөмір бар, ол жануармен бірге өмір бойы қалады.
Олардың санын сәйкестендіру және есепке алу қаңғыбас жануарлар мәселесін шешуге бағытталған. Олардың пайда болуының негізгі себептері әлі күнге дейін өздігінен серуенге шығу, үй жануарларын жоғалту және ұстаудан бас тарту болып табылады. Табылған жануарда чиптің болуы оны үйге қайтаруға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, Алматы қаласының әкімдігі үй жануарларын зарарсыздандыру үшін тиісті қаражат бөледі, бұл қаңғыбас жануарларды азайтуды қамтамасыз етуі тиіс.
Бүгінде жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру ережелері, сондай-ақ үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері әзірленді, оларды бекіту осы саладағы жұмысты жеңілдетеді. Келісу рәсімі аяқталуына байланысты, Ереже Алматы қаласы Мәслихатының отырысында қаралады.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Адис Сейдақматов Алматы қаласының барлық тұрғындарын үй жануарларына барынша жауапкершілік танытуға, чиптаеу, зарарсыздандыру және қажетті ветеринарлық іс-шараларды жүргізуге шақырды.
Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарларын және материалдарын тарату кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.