Болашақта елімізде Бейбарыс Сұлтан орденін шығару қажет - Саясат Бейісбай

Болашақта елімізде Бейбарыс Сұлтан орденін шығару қажет - Саясат Бейісбай
Алматыда өткен республикалық дөңгелек үстелде осылай деді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тарихи үдеріс пен әлеуметтік кеңістікте тұлғалардың орнын айқындау арқылы ел болашағына деген сеніміміз арта түседі». Философия ғылымдарының докторы, профессор Серік Нұрмұратов Алматыда өткен республикалық дөңгелек үстелде осылай деді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Философтар бас қосқан іс-шара барысында ұлы ойшыл әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Яссауи мен Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы сынды ұлы тұлғалардың мұрасын кеңінен танытып, жаңа қырларын ашуға басымдық берілді.

«Өткенде ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мырза Түркістанда өткен Құрылтайда тарихи тұлғаларды дәріптеу туралы айтып өтті, соған қарағанда сол жерде мынандай бір ой келеді. Болашақта елімізде Бейбарыс Сұлтан орденін шығару қажет. Ол да бір үлкен өзекті мәселе. Күн тәртібінен түспейді, жақында оң шешімін табар деп ойлаймыз», – дейді Философия, саясаттану және дінтану институтының бас сарапшысы Саясат Бейісбай.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен таныстырды

Новости партнеров