«Ақ жол» партиясы Ерейментау мен Малтабар аудандарында жүр

15.05.2019 22:01

Президенттікке тағы бір үміткер Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі Ақмола облысы Ерейментау ауданында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Азат Перуашев қаладағы агротехникалық колледж ұжымымен кездесу барысында жұмысшы мамандықтардың тапшы екендігін айтты. Әсіресе ауылшаруашылығы саласында фермер, автожөндеу ұсталары қажет екен. Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісінің айтуынша, оқу бітіріп шыққан соң, олардың жеке кәсіп ашуына мемлекет барынша қолдау көрсетуі тиіс.

«Олар әрі қарай жұмыс таба ала ма жоқ па? Таба алмаса, кәсіпкерлікке қай жолмен баруы мүмкін? Мемлекет тарапынан және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан оларға қалай қолдау көрсетуге болады? Міне осындай сауалдар төңірегінде біз өзімізідің пікірімізді білдірдік және кандидаттың бағдарламасында көрсетілген мемлекет тарапынан преференциялар мен ынталандыру туралы айттық», – деді  Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі  Азат ПЕРУАШЕВ.

Үгіт-насихат шаралары  әрі қарай Малтабар ауылында жалғасты.  

Жалпы Ерейментау ауданының 27 мыңға жуық халқы бар. Оның басым бөлігі ауылшаруашылығымен  айналысады. Ал, Дәния Еспаеваның сайлауалды бағдарламасында шағын фермерлікті дамыту мәселесі қамтылған.