Іс-шараны қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды
Алматыда "Ұлттық құндылықтар - қайырымды қоғам" деген тақырыпта семинар-практикум өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Іс-шараны Қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырды. Семинарға мемлекеттік қызметкерлер мен білім беру ұйымдарының оқытушылары қатысты. Семинар мақсаты - ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы ел бірлігін нығайту.
– Негізгі мақсат – ұлттық құндылықты насихаттау. Ұмыт болған салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту. Әрқайсымыз атсалыса отырып, бабалар аманатын ұрпаққа жеткізуіміз керек, - дейді кәсіпкер, семинар-практикумның спикері Асқар Әмірбек.
– Әрбір оқытушы білім берумен қатар, тәрбие беру ісін де жолға қоюы тиіс. Сондықтан бұл семинарлардың біз үшін, қоғам үшін маңызы зор. Студенттерге бағыт беріп, ақыл-кеңес айтып қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де үйрету қажет, - дейді Алматы Энергетика және байланыс университетінің кафедра меңгерушісі Болат Қабдешов.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды