|
09.03.2023 | 18:41
3415

Парламент азаптаудың алдын алуға қатысты заң жобасын мақұлдады

ІІМ Марат Ахметжановтың айтуынша, заңнама БҰҰ-дың тәжірбиесіне сүйеніп жасалды

Парламент азаптаудың алдын алуға қатысты заң жобасын мақұлдады Almaty.tv.

Парламент азаптаудың алдын алуға қатысты заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Маңызды құжат азаматтардың ар-намысын қорлайтын және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын әрекетін болдырмауға бағытталған. ІІМ Марат Ахметжановтың айтуынша, заңнама БҰҰ-дың тәжірбиесіне сүйеніп жасалды. Яғни, жазаларға қарсы конвенциясына сәйкестендіріліп құрастырылған. Бұл азаптау мен қатыгездікті ажыратуға, жауапкершілікті күшейтуге мүмкіндік береді.

«Ұлттық заңнаманы БҰҰ-дың  азаптауға қарсы конвенциясына сәйкестендіру мақсатында Қылмыстық кодекстегі «азаптау» бабына «адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеті үшін» құқықбұзушылықтың жаңа құрамы енгізіледі. Бұл азаптауды қатыгездіктен ажыратуға, заңнамадағы олқылықты жоюға мүмкіндік береді. Азаптауға қатысы жоқ қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер бойынша 3 және 4-бөлікте Ішкі істер органдары тергейді», – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир